Германияда жұмысшылар ереуілге шығып, 700-дей әуе рейсі тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда жұмысшылар ереуілге шығып, 700-дей әуе рейсі тоқтады

07.11.2019

Германияда Люфтганза компаниясының жұмысшылары ереуілге шығып, 700-дей әуе рейсі доғарылды. Борт қызметкерлері жалақыны арттырып, жұмыс жағдайын жақсартуды бірнеше жылдан бері талап етіп келеді. Алайда авиакәсіпорын басшылығы Еңбек шарттарын қайта қарауға келісер емес. Сонымен қатар компания сотқа жүгініп, жұмысшылардың ереуіл өткізуіне заңды түрде тыйым салуды сұраған. Дегенмен сот үкімі борт қызметкерлердің пайдасына шешілді. Бұл жағдай оларға әділдікті әрі қарай да талап етуге шабыттандырып отыр.

Наразылық акциясы екі күнге жалғасады деп жоспарланған. Соның салдарынан 1300 әуе рейсі доғарылып, 180 мың жолаушы жолдан қалуы мүмкін.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу