Түркістанда дзюдодан ел чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда дзюдодан ел чемпионаты аяқталды

28.02.2024

Түркістанда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан барлығы 820 жас татами шебері қатысты. Жарыстың алғашқы күнінде ұлдар 50-55 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде күш сынаса, қыздар 40-44 және 48 келі салмақ дәрежелерінде өзара бақ сынасты. Тәжірибелі бапкер Саламат Жұрқабаев жалпы мұндай чемпионаттардың өңірде өтуі жастардың спортта шыңдалуына көп септігін тигізетінін атап өтті. Жекелей жарыстар нәтижесі бойынша Түркістан облысының командасы көш бастады. Ал Жетісу облысы екінші орынға тұрақтаса, Қызылорда облысы үздік үштікті түйіндеді. Сайыста іріктелген үздіктер, Азия және әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайды.

Дінмұхаммед Нысанбай, спортшы:

Осыған дейін екі чемпионатта күрестім. Қола және күміс медаль иемдендім. Осы алтын медаль үшін, былайынша айтқанай, сол қателіктерімді ескере отырып, осындай жетістікке жетіп отырмын.

Саламат Жұрқабаев, бапкер:

Бүкіл спортсменнің арманы әлем, Олимпиада, Азия ойындарын ұту. Азия чемпионаттарын ұту. Сондай мақсатқа оқушыларым жетеді деп, құдай қаласа, сенеміз. Енді бұл спотшының артында жалғыз біз емес, бірнеше тренердің еңбегі бар.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу