Израиль Газада туннельдер табылғаны туралы мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль Газада туннельдер табылғаны туралы мәлімдеді

27.02.2024

Израиль армиясы Газадан жер асты туннелін тапқанын мәлімдеді. 10 шақырым болатын туннель аурухана мен университет астында орналасқан. Ол Газаның солтүстігі мен оңтүстігін жалғайды. «Рейтер» жариялаған бейнекадрларда жер асты жолында кереуеттер, шахталар көрсетілген. Алайда агенттік бейнежазбаның түсірілген орны мен уақыты туралы ешқандай нақты мәлімет жоқ екенін ескертті. Израиль күштері сонымен бірге туннельден қару-жарақ қоймасы да табылғанын мәлімдеді. Олар Газадағы соғысты қазанның 7 күні Хамастың шабуылынан кейін басталды. Содан бері 30 мыңдай палестиналық қаза тапқан. Газа тұрғындары түгелдей үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу