М.Әшімбаев: Электр желілерінің тозуы үлкен проблема - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Әшімбаев: Электр желілерінің тозуы үлкен проблема

23.02.2024

Электр желілерінің тозуы үлкен проблема! Парламенттік комиссияның төртінші отырысында Сенат төрағасы осы мәселеге назар аударды. Сондай-ақ, елімізде қолжетімді, тұрақты және заманауи энергия көздерін дамыту керектігін айтты. Арнайы отырысқа Сенат және Мәжіліс депутаттарымен қатар осы салаға тікелей жауапты министрлер мен мамандар қатысты. Мәулен Әшімбаев «Жасыл экономикаға» көшу халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Электр энергиясын өндіруге, генерацияға ауқымды инвестиция қажет. Елімізде газдандыру ісі әлі де болса маңызды міндет болып қалып отыр. Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі де өте төмен екенін айта кеткен жөн. Мемлекет басшысы атап өткендей, «жасыл экономиканы» дамыту – еліміздің қазіргі күн тәртібіндегі негізгі басымдық болуы қажет.


Хабарламаларға жазылу