Үндістанның Ассам штатында тасқыннан 25 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның Ассам штатында тасқыннан 25 адам қаза тапты

26.05.2022

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында алапат тасқын мен лай көшкінінен 25 адам қаза тапты. 650 мың тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Өңірде жыл сайын осы мезгілде жаңбырлы маусым басталады. Бірнеше апта бұрын әлемдегі ең үлкен өзендердің бірі - Брахмапутра арнасынан тасып, 26 облыстағы 1800 ауылды су басты.

Жолдарға зақым келіп, теміржол желілерінің кейбір бөліктері қираған. Үйсіз қалған жандар үшін уақытша жүздеген лагерь құрылды.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу