Алматы облысында электр сымдары мен болат бұйымдарын шығаратын зауыт салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында электр сымдары мен болат бұйымдарын шығаратын зауыт салынады

22.02.2024

Қытай – Қазақстанның ең ірі инвесторларының бестігіне кіреді. Көрші ел соңғы 15 жылда экономикаға 22 млрд доллар құйды. Отандық кәсіпкерлер қытайлық серіктестермен бірігіп Алматы облысында электр сымдары мен және құрылысқа қажетті болат бұйымдарын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл нысан әлемдегі озық технологиялармен жабдықталған әрі қоршаған ортаға қауіпсіз жасыл экологиялық зауыт болмақ. Өңірдің жауапты мамандары мұндай жобаларды қолдауға дайын. Бірақ инвесторларға Қонаев қаласының аумағынан 4 гектар жер жалға берілгенімен, инженерлік жүйемен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмей тұр. Бүгін осы олқылықтар жоба жетекшілермен бірлесе талқыланды. Жиынға облыстық прокуратура өкілдері, қытайлық серіктестер, су және жарыққа жауапты мамандар қатысты. Мәселе шешімін тапса, екі айдан кейін зауыт құрылысын басталмақ. Кәсіпорын іске қосылса 200 адам жұмыспен қамтылады дейді жоба атордары.

Досқали Кәріпбаев, жоба жетекшісі:

Бұл зауыттың ерекшелігі көп салалы зауыт болады. Зауытта екі материал өндіріледі. Дүнижүзінде қазір робототехниканың кабельдері бар және Қытайдың талабы бойынша қазіргі кабельдер қауіпсіздігі өте жоғары кабельдер екен. Кейінгі кезде көріп жатырсыздар ғой лифтілер өртеніп жатыр, басқа да қиын жағдайлар болып жатыр. Сондайларға төтеп беретін керемет кабельдер.

Ілияс Мырзакенов, облыстық кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау жөніндегі атқарушы директоры:

Өздерінің өтініштері бойынша сұрақтары оң шешімін тапты. Жаңағы «Алатау Жарық» компаниясы міндетті түрде техникалық талаптатын береміз деді. Қандай дәрежедегі запрос жасайды сол. Қытайлық серіктестерге қол ұшын береміз.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу