Солтүстік Кореяның спутник ұшыру әрекеті сәтсіз аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяның спутник ұшыру әрекеті сәтсіз аяқталды

31.05.2023

Солтүстік Кореяның тұңғыш әскери спутник ұшыру әрекеті сәтсіз болды. Спутникті орбитаға апара жатқан баллистикалық зымыран әуеде ыдырап, теңізге барып құлаған. Елдің Орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, ракетаның қозғалтқышында ақау пайда болған. Бұл - Пхеньянның 2016 жылдан бері барлау спутнигін ұшыруға бағытталған 6-шы әрекеті. Ел билігі мұнымен тоқтамайтынын мәлімдеді. АҚШ, Жапония және БҰҰ болса Солтүстік Кореяның әрекетін сынға алды.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу