Үлбі өзенін ластаған кәсіпорынға 50 млн теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үлбі өзенін ластаған кәсіпорынға 50 млн теңге айыппұл салынды

19.02.2024

Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенін шамадан тыс ластаған «Казцинк» компаниясына 50 миллион теңге айыппұл салынды. Экология департаментінің тексерісі барысында, кәсіпорынның өндірісте пайдаланған суына химиялық талдау жасау үшін бірқатар сынама алынды. Сараптаманың қорытындысында, марганец металы қалыпты мөлшерден 4,5 есе асып кеткені анықталды. Құрамында улы химиялық қоспа бар суды Үлбі өзеніне жібергені дәлелленді. Сондықтан, экология депарменті кәсіпорынға 50 миллион теңге айыппұл салып, жағдайды реттеуді талап етіп отыр.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу