Мәскеудегі «Олимпийский» спорт кешені өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеудегі «Олимпийский» спорт кешені өртенді

17.05.2014
Мәскеудегі «Олимпийский» спорт кешені өртенді
Бүгін Мәскеудегі «Олимпийский» спорт кешені өртенді.  Одан 350 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС қаланың құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлайды.
 
Агенттік қызметкерлерінің айтуынша, екінші қабаттағы дүкендердің бірі отқа оранған.
 
Мәскеу қаласы Төтенше жағдайлар қызметінің  хабарлауынша, алдымен сегіз қабатты спорт кешенінің төртінші қабатындағы дүкендер ғимаратының бірінде орналасқан қойма түтіндей бастаған.

Хабарламаларға жазылу