Абай облысында бораннан жолда қалғандар тікұшақпен құтқарылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында бораннан жолда қалғандар тікұшақпен құтқарылып жатыр

16.02.2024

Абай облысында қарлы боранның құрсауында қалғандар тікұшақпен құтқарылып жатыр. Әсіресе, Көкпекті ауданы аумағындағы Байбура асуында жағдай ушығып тұр.

Қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты республикалық және облыстық штаб құрылып, жедел желі іске қосылды. Құтқару жұмысы әлі жалғасып жатыр. Қарда қалған жолаушыларды екі тікұшақпен Жарма мен Көкпекті аудандарына жеткізуде. Қазір 200 ге жуық адам, оның ішінде 9 бала эвакуацияланды. Өңірде соңғы екі тәулікте 80 сантиметрге дейінгі қалыңдықта қар түскен. Ал бүгін күн райы күрт өзгеріп, үскірік аяз -35 градусқа жетті.

Манарбек Шапағатов Абай облысы ТЖБ бастығы:

Қазіргі уақытта Абай облысының Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары, «ҚазАвтоЖол» қызметкерлерімен бірлесіп, Көкпекті ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп. Қар бұрқасыны мен боранға байланысты жолдың көрінбеуіне байланысты. Құтқару жұмыстарын жүргізуге 61 адам және 23 техника жіберілді. Жақын маңдағы елді мекендерде халықты уақытша орналастыру пункттері дайын. 

ІІМ ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты 8 өңірде 30-ға жуық жол учаскесі жабылды. Қазір республикалық маңызы бар автжолдарда 658 техника мен мың жарым адам құтқару жұмыстарына жұмылдырылған. Жолда қалып қойған азаматтар үшін эвакуациялық, жылыту және тамақтану пункттері ашылды. Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Дегенмен қолайсыз ауа райының да пайдасы болды . Астанадан Түркістанға алып қашып бара жатқан қыз құтқарылды. Олар қаладан шыға алмай қалған. Құзырлы орган қазір 20 жастағы қызды алып қашпақ болған 4 жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. 


Хабарламаларға жазылу