Қостанай облысының Наурызым ауданында бастауыш сыныптар сабақтан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Наурызым ауданында бастауыш сыныптар сабақтан босатылды

27.10.2022

Қостанай облысында қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласты. Соның салдарынан бірнеше бағытта көлік қозғалысы шектеліп, Наурызым ауданында бастауыш сынып оқушылары сабақтан босатылды. Облыстың өзге білім ошақтары қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Әзірге жолда қалғандар мен ауа-райының қолайсыздығынан зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу