Ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қолдау артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қолдау артады

16.02.2024

Елімізде алдағы уақытта ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру артады. Мұндай бастама ,әсіресе, аграрлық сала дамыған аймақтар үшін ерекше маңызға ие. Бұл туралы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

Қазіргі таңда өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуеті жоғары. Мүмкіндігі зор. Ел экономикасын дамытуда да үлесі мол. Ендігі мақсат-бұл саланы одан әрі дамыту. Сондай-ақ, Сенат төрағасы соя, күнбағыс, рапс майларын шығаратын зауыттың және «Макинск» құс фабрикасының жұмысымен танысып, бұл өндірістерді қаржыландыру және кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев облыс орталығындағы жоғары оқу орындарында білім алатын студенттермен де кездесті.

Жиын барысында жастар түрлі жобаларын көрсетіп, жаңашыл идеяларын ұсынды. Сенат төрағасы мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды реформалардың іске асырылу барысына да тоқталды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Елімізде жастардың пікіріне құлақ асу, олардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға жұмылдыру бағытындағы бастамалар бар. Бұл ретте Президенттік жастар кадрлық резервін айрықша атап өткен жөн. Соның аясында талантты, білімді, білікті жастарға жауапты қызметтерге келудің жаңа бір жолы ашылды. 

Хабарламаларға жазылу