Астанада оқушылар үш күннен бері онлайн оқып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада оқушылар үш күннен бері онлайн оқып жатыр

16.02.2024

Астаналық оқушылар үш күннен бері онлайн оқып жатыр. Бүгін де сабақ қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Бірінші ауысымдағы барлық оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ онлайн өтеді. Қазір елордада ауа температурасы -32 градус. Сарышұнақ аяз астаналықтарды бірнеше күннен бері әбігерге салуда. Сақылдаған сары аязда далада жүру өте қиын. Сондықтан мамандар қажеттілік болмаса далаға шықпауға кеңес береді. Себебі, үсіп қалу қаупі жоғары. Ал синоптиктердің болжамына сәйкес, қолайсыз ауа райы келесі аптаға дейін жалғасады.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу