Маңғыстауда жүк көліктерімен шетелдік тауарларды тасымалдауға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда жүк көліктерімен шетелдік тауарларды тасымалдауға рұқсат берілді

13.02.2024

Маңғыстауда жүк көліктерімен шетелдік тауарларды тасымалдауға рұқсат берілді.

Құзырлы министрліктің мәліметі бойынша, халықаралық қатынастар автомобильдік тасымалдау қағидасына өткен аптада қайтадан өзгеріс енгізілді. Соған сәйкес, қазақстандық жүк тасымалдаушылар бұдан былай «қайта тиеу» әдісімен жұмыс істейді.

 Атап өтерлігі,Түрікменстанмен шекарадағы Темір Баба кеден бекетінде бұған дейін жүк тиелген шетелдік нөмірлері бар тіркемелерді маңғыстаулық жүк тасымалдаушылардың көліктеріне тіркеп, тасымалдауға заңмен тыйым салынған еді. Соның салдарынан 400-ге жуық жеке кәсіпкер жұмыссыз қалды. Ал кеден бекетіндегі Түркия, Иран, Түркіменстаннан келген азық-түліктер мен көкөністер өңірлерге тасымалданбай тұрып қалды.

Ғани Салмаев, автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің басқарма басшысы:

Еуразиялық экономикалық одақта тіркелген тасымалдаушыларға соның ішінде, Қазақстанда тіркелген тасымалдаушыларға қайта тиеу, қайта тіркеу әдісінде халықаралық жүк тасымалдауға рұқсат етілді. Қазіргі таңда Маңғыстауда Түрікменстанмен шекарадағы кеден бекетінде шет елден келген жүк тауарлары ешқандай да шектеусіз ұйымдастырылуда.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу