Қазақстан пункттерінде шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа тәртібі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан пункттерінде шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа тәртібі енгізіледі

07.03.2024

Қазақстанның өткізу пункттерінде шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа тәртібі енгізіледі. Көлік министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл елдегі азық-түлік пен басқа да тауардың арзандауына ықпал етуі мүмкін. Өйткені тасымалдаушылар саны көбейеді.

Бұған дейін рұқсат бланклері көбіне бұрыннан жүк тасымалдап жүргендерге берілетін. Әрі оның мерзімі 100 күн болатын. Осыны пайдаланған делдалдар рұқсат балнклерін заңсыз жолмен саудалап келген. Салдарынан рұқсат қағазының басым бөлігі қолданылмай, шетелдермен арадағы жүк тасымалы 20 пайызға дейін азайып кеткен. 

Алтай Әлі, ҚР Көлік министрлігінің комитет төрағасы:

Жаңа жүйеде алдын ала бекіту деген болмайды. Одан кейін алып алғаннан кейін 100 күн деген уақыт болмайды. Екіншіден нақыт мекеменің аты жазылады. Көлік те біздің жүйеде бекітіліп тұрады. «Бүркіт» жобасымен интеграция жасап жатырмыз. Нақты көліктің шыққанын, кіргенін сол жүйенің көмегімен көріп отыратын боламыз. 

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу