Абай облысы Аягөз қаласында табылған баланың ата-анасы мен туыстары құтқарушыларға алығысын білдіріп жатыр. Айта кетейік, 8 жасар Мерей Иманғали үйден атасымен бірге жылқы іздеуге шыққан. Боран салдарынан жолдан жаңылып, адасып кеткен.
Туған-туыстарының өтінішімен, іздеу жүргізілді. Жедел түрде құтқарушылар, волонтерлар мен полицияның жеке құрамы түгелдей жұмылдырылды. Әскери арнайы техника тартылған. Ат, көлік, қар шанамен төңіректі түн бойы сүзіп шыққан. Боран басылып, бала 4 сағаттан кейін аман-есен табылды. Ол алыстан өзін іздеген көліктердің жарығын көріп, солай қарай бет алған.
Иманғали Райышев, баланың атасы:
Менің балам аман-есен табылды. Кешегі атсалысып іздеген азаматтардың бәріне көптен-көп рахмет айтамын. Барлық жігіттер, азаматтар аман болсын!
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Аягөзде табылған баланың ата-анасы құтқарушыларға алғыс айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/189057/)