Кеше Алматыдағы «Тау самалы» ықшам ауданында болған көшкін бір отбасының 4 адамын басып қалды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бірқатар қиындыққа тап болды. Әсіресе көшенің тарлығы техниканың өтуіне кедергі келтірді. Білуімізше, аталған ықшам ауданда бұрын бау-бақша серіктестігі болған. Кейін тұрғын үй аймағына айналып кеткен. Ал мұндай жерлер, мегаполисте аз емес. Таулы жерлерде инфрақұрылым мәселесі тағы бар. Қазір біз сәулетшілер одағының мүшесі Ауғанбай Сағындықпен тілдессек.
– Сағындық Ыбырайұлы, кеш жарық! Кешегі апат су құбырының жарылуынан болған деп отыр. Айтыңызшы мұндай жерлерге инфрақұрылымды мінсіз тарту мүмкін бе?
Сағындық Ауғанбай, ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі:
Лай көшкінін болдырмау үшін Алматының бұрынғы тау бөктерінің көркін бұзбау керек еді.Қалаға жақын жерлері тұрғын үй ауыл болып, одан кейін қаланың шекарасына кіріп сөйтіп қалыптасып келе жатыр. Оның бірі осы тау бөктерінің қия-қия бос топырақ жеріне салынып жатқан нәрселер, ол өте қауіпті нәрселер.Тұрғын жердің бұл жерде социалдық инфрақұрлымы нашар, инженерлік инфрақұрылымы нашар. Саябақ жерлері 6 метр әрі кетсе 3 метр болуы керек. Ол жерлерге толық инфрақұрылым жүргізе алмайсыз.
– Алматыда сырғыма қауіпі төнген 145 учаске бар. Көбі апат болған Медеу ауданында екен. Онда мыңдаған адам тұрады, солай ғой?! Енді мұндай жағдайлар қайтанбау үшін нақты қандай кеңес айтар едіңіз?
Сағындық Ауғанбай, ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі:
Бұл жағдайды қайталамас үшін шынымен барлық құрылысты тоқтату керек ол жақтағы. Сосын ол жақтағы аса қауіпті жерлерге қорғаныс ретінде шара қолдану керек. Егер де ондай қорғаныс нәрселер жасалынбайтын болса немесе жасауға келмейтін болса, ол жақтан халықты көшіру керек. Оның бәрі үлкен қаражат сұрайды. Одан кейін халықтың өзі де сол жаққа ұмтылған, келісе бермейді мұндайға. Халықтың өмірі үшін жауапты беретін жергілікті әкімшіліктер+барлығын осы жағынан қатаң қадағалап, тексеріп тұру керек. Осы шараларды қолданса қауіп азаятын шығар деп ойлаймыз.