Астанада су басу қаупі бар 27 учаске анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада су басу қаупі бар 27 учаске анықталды

20.03.2018

Солардың әрқайсысы бойынша атқарылатын жұмыс түрлері, қажетті материалдар, қаржы көлемі және жауапты тұлғалар белгілі. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі мәлімдегендей, жалпы, биыл қыста Астанадан 3 миллион текше метрге жуық қар шығарылған. Астана су қоймасында 133 миллион текше метр көлемінде бос орын бар. Жауапты мамандар көктемгі ағын суға байланысты туындайтын жағдайға дайындығын осылай түйіндеді. Бұл мақсаттағы барлық жұмыстарға бюджеттен 857 миллион теңге бөлінген. 

Еркін Отарғалыұлы, Астана қаласының ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы:

- Қазіргі таңда Төтенше жағдай қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың күш құралдары бір топқа жұмылдырылып, жинақталды. Қалада 693 адамды және 191 бірлік техниканы құрайтын жасақ құрылған. Осы және негізгі топтың мамандануы мүмкін болатын төтенше жағдайға уақытылы ден қою, олардың салдарын жою болып табылады.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу