Қарашада инфляцияның өсу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарашада инфляцияның өсу қаупі бар

02.11.2017

Қараша айында инфляцияның өсу қаупі бар. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті. «Ұлттық банктің негізгі басымдығы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны белгіленген нысаналы аралық шегінде ұстап тұру болып қалуда», - деді ол.

Инфляция 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 4,2 пайыз болды, ал жылдық мәнде 7,1 пайыз. Алайда, Ұлттық банк қараша айында инфляцияның өсуі қаупін көріп отыр, яғни, бұл жанармай, көмір, көкөніс бағаларының өсуіне байланысты.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:  

 - Осы тауарлар нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі бар. Жылдың соңына дейін инфляция нысаналы 6-8 пайыз дәліз ішінде сақталады.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу