Мамандар қолайсыз ауа райына байланысты алыс жолға шықпауға ескерту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамандар қолайсыз ауа райына байланысты алыс жолға шықпауға ескерту жасады

09.02.2024

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жәрдем қажет жандарға асығатын мамандық иелерінің мұндай кезде еңбегі ерен. Төтенше жағдай жол сақшылары қалың қар, екпенді жел, боран демей, өз бастарын, денсаулығын қатерге тігіп жолға шығады.

«Қазгидромет» орталығы, Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін де республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталатынын ескертеді. Тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, қатты боран соғып, бұрқасын болуы ықтимал. Мамандар бүгін де алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Торғын Мелісқызы

Хабарламаларға жазылу