Шымкентте жалдамалы пәтерден екі сарбаздың денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жалдамалы пәтерден екі сарбаздың денесі табылды

24.02.2020

Шымкент қаласындағы көпқабатты үйдің пәтерінен екі сарбаз өлі күйінде табылды. Оның бірі 28, екіншісі 26 жаста. Жеке басын анықтау кезінде екеуінің де №556/52 әскери бөлімінде қызмет еткені белгілі болды. 

Қайғылы оқиға бүгін түнде болған. Төтенше жағдай мамандары шақырту бойынша оқиға орнына сағат 8:40-та келген. Құтқарушылар пәтерді бұзып кіргенде асханадағы газ плитасынан газдың шығып тұрғанын көрген. Алдын ала болжам бойынша әскерилер ұйықтар алдында пәтерді жылыту үшін газды жағып жатқан. Түн ішінде от өшіп қап, артынша желіге қайта газ жіберілген. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу