Есірткі сатумен айналысқан екі күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткі сатумен айналысқан екі күдікті ұсталды

13.01.2020

Теріскейлік полицейлер ғаламтор арқылы есірткі сатумен айналысқан екі күдіктіні ұстады. Ұзақ уақыт бойы бақылауда болған олардың спайс, тағы басқа наша түрін әзірлеп, саудалағандары әшкереленді. Жалдамалы пәтерден дайын ұнтақтар мен 250 грамм синтетикалық есірткі зат, телефон, сим карталар табылды. Былтыр өңірде есірткі саудасымен айналысқан 3 адам ұсталып, 1 зертхана табылған болатын. Бұған қоса наша өткізуге арнайы құрылған 162 интернет ресурс анықталды. Осы жолғы күдіктілер телеграмм желісін пайдаланған. 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу