Павлодарда 1 жастағы сәби суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 1 жастағы сәби суға кетті

06.08.2014
Павлодарда 1 жастағы сәби суға кетті

Павлодарда екі бірдей бала суға батты. Олардың бірі - Ақсу қаласына  қарасты Парамоновка ауылында тұратын сегіз жастағы жеткіншек.

Ал, бір жасқа енді толған сәбилерін ертіп Ертіс жағасына демалуға барған павлодарлық тұрғындар тура бір сағаттан соң құтқарушыларға жүгінді.

Баланың денесі кешкілік уақытта 15 шақырым жерден табылды.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу