Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

06.02.2024

Өзбекстанның Сұрхандария облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты. Ауыр апаттан бес адам көз жұмған. Бұл туралы Kun.uz порталы хабарлады.

Шойын жолды кесіп өтетін өткелдегі арнайы белгіге қарамастан жоғары жылдамдықпен келген көлікті жолаушылар пойызы бар екпінімен қағып өткен. Машинада 7 адам болған. Оның төртеуі бала. Барлығы да бір отбасының мүшелері көрінеді. Жүргізуші мен екі жасар сәби ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғаға қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу