Қостанай облысы пойыз жүк көлігімен соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысы пойыз жүк көлігімен соқтығысты

21.02.2022

Қостанай облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты. Оқиға Алматы – Екатеринбург тас жолының бойында Федоров ауданы аумағында болған. Жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған белгісін ескермей теміржолды кесіп өтуге әрекеттенген. Сөйтіп жөндеу жұмыстарын жүргізетін құраммен соқтығысты. Апат салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен оның қасындағы жолаушы жарақат алып ауруханаға түсті.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу