The Economist: Әлеуметтік платформаларға қызығушылық азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

The Economist: Әлеуметтік платформаларға қызығушылық азайды

05.02.2024

Жүргізуші: Адамдардың көбі Фейсбук және басқа да әлеуметтік желілерді тек көңіл-көтеретін видеоларды көру үшін ғана пайдаланатын болған. Нақты ақпарат көздерін жеке каналдардан алады. Бұл туралы The Economist басылымы өзінің зерттеу мақаласында мәлімдеді. Мамандар бұл құбылысты интернетте фейк ақпараттың көбейгенімен түсіндірді.

Отандық ғалымдар да әлеуметтік желі бүгінде виртуалды кеңістікке емес, жеке басқа қауіп төндіріп, ар-намысты қорлайтын алаңға айналды деп алаңдаулы. Тіпті алаяқтар өзі құрбандарын тек интернеттен іздейтін болған. Ал Атырау университетінің аға оқытушысы Жәнібек Ғалым әлемді шарпыған пандемия еліміздегі дәстүрлі медияның маңыздылығын ұғындырды, - дейді.

Жәнібек Ғалым, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің баспасөз хатшысы аға оқытушы:

Әлеуметтік желіден аурудың түрлі дертін, қайдан шыққаннын іздей бастап еді жалған ақпарат саңырау құлақтай қаптап кетті. Ал кейін әлеуметтік желі белгілі бір деңгейде істемей қалған жағдайда ақпаратты телеарнадан іздей бастады. Телеарнада журналист өзі шығады, өзі ақпаратты түсіреді, ақпаратты түсіндіреді, өңдейді, таратады, деген сияқты. Бір сенімділік бар.

Расында, қазір онлайн дебаттардың өзі ватсаб пен телеграмда өтетін болған. Ал адамдар маңызды құжаттарды тек қауіпсіз электронды пошталар арқылы жолдауға көшкен. Жеке өміріне қатысты мәліметтерді жариялайтындардың саны 4 жылда 40-тан 28 пайызға түсті. Әлемжеліге күнделікті жүктелетін видеолардың 97 пайызы ойын-сауықтық, қалған 3 пайызы ғана маңызды ақпараттар. Ал оларды бөлісіп отыратындардың саны 26-дан 19 пайызға төмендеген.

Ал қоғам белсендісі Алмас Тоқабаев көшеде хабар тарататын радиоқұрылғылардың жұмысы қайта жандануы керек. Бұл әсіресе төтенше жағдай кезінде аса қажет, - дейді. Жауапты орган өкілдері сол арқылы шұғыл жаңалық беріп отырса, фейк ақпарат таралмай, халық дүрлікпейтінін айтты.

Алмас Тоқабаев, қоғам белсендісі:

Жалған ақпарт бұрындары да болған. Бір-біріне өсек айтып жіберу. Тіпті оны әзіл ретінде де айтады ғой «Самарқанды су басып кетіпті» деп. Соның қазір ең қауіптісі, ақпараттың жылдамдығы. Әлемнің түпкірінде не болып жатса да біз оны естіп қана емес, оның фото-видеосын көре аламыз. Бірақ төтенше жағдай кезінде барлық жаңалық жылдам және барлық жерге шығып отыру керек. Тіпті көшедегі радиомен хабарласа да.

Шетелдік мамандар әлеуметтік желіні шұғыл түрде жүйелеу керек деп дабыл қағуда. Себебі, күн сайын шығып жатқан көңіл көтеретін қосымшалар бақылаусыз қалған. Ал оның ақыры қажетті ақпараттың қаралымын төмендетеді. Бұл құбылыс қазірді өзінде анық байқалып отыр.


Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу