The Economist: Әлеуметтік платформаларға қызығушылық азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

The Economist: Әлеуметтік платформаларға қызығушылық азайды

03.02.2024

Халықтың ашық әлеуметтік желілерге деген қызығушылығы төмендеді. Бұл туралы THE ECONOMIST басылымы көлемді мақала жариялады. Қазір адамдардың көбі ватсаб, телеграм секілді жабық каналдарға көшкен. Тіпті жеке өміріне қатысты мәліметтерді жиі жариялайтындардың саны 4 жылда 40-тан 28 пайызға түскен. Мамандардың зерттеуінше әлеуметтік желіге күнделікті жаңалықтың 3 пайызы ғана жүктеледі екен. Ал оларды бөлісіп отыратындардың саны 26-дан 19 пайызға төмендеді. Себебі, ашық платформалардың көбі ойын-сауық алаңына айналып, фейк ақпараттың саны артқан.

Гүлмира Сұлтанбаева, ҚазҰУ Баспасөз және электронды бақ кафедрасының меңгерушісі:
Мақсаттас, мүдделес топтардың өздерінің ұйымдасып, сол желіде ортақ бір платформаға айналдыруы заңды. Фейсбуктың маңайында дау-дамай туындаған болатын. Бұл жаңағыдай саяси сайлау науқаны аясында Америкадағы көптеген азаматтардың жеке деректерінің жарияланып кетуі, сол жағдайда бұл фейсбуктың адресіне өте көптеген негативтер тарады.

Хабарламаларға жазылу