Әлем бойынша әлеуметтік желі апталығы өткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем бойынша әлеуметтік желі апталығы өткізіледі

10.01.2015
Әлем бойынша әлеуметтік желі апталығы өткізіледі

Медиаапталық аясында тегін семинарлар, лекциялар өтеді. Олар әлеуметтік және мобилді медиа саласындағы соны үрдістерге арналмақ. Іс-шара әлем бойынша 13 қалада өткізілмек.

Атап айтқанда, Бангалор, Үндістан; Джакарта, Индонезия; Копенгаген, Дания; Гамбург, Германия; Лагос, Нигерия; Милан, Италия; Нью-Йорк, АҚШ.

Осы жылғы іс-шара тақырыбы – Вертикальді мобильділік: Байланыстағы класстың пайда болуы(Upwardly Mobile: The Rise of the Connected Class).

Қызығушылық танытқан журналистерге онлайн көруге мүмкіндік бар. Жыл сайын өткізілетін шараға 60 000-ға жуық адам қатысады. Ал, жарты миллионнан астам көрермен онлайн немесе мобилді құрылғылар арқылы бақылайды.

ijnet.org

Хабарламаларға жазылу