Павлодардың емханаларында балаларға мерзімі өтіп кеткен вакцина салған
Павлодардың емханаларында қолданылу мерзімі өтіп кеткен вакциналар қолданылған. Бұны облыстық прокуратура анықтады. Әзірге жарамсыз препаратпен екі балаға екпе салынғаны белгілі болып отыр. Бірақ олардың денсаулығына кері әсері болмаған. Яғни, шағым түспепті.
Дастан Сәкенов, облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары:
21 млн теңгеден астам қаражаттың 9,5 мың препаратының мерзімі өтіп кеткені анықталды. Оның себебі денсаулық сақтау басқармасы қоймасында ұзақ уақыт тұрып мелициналық мекемелерге кеш таратылған. Бұл шаралар бойынша кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Жарамсыз дәрі-дәрмек толық жойылды. Құзырлы орган бұдан бөлек, дәрігерлердің бес балаға қызылшаға қарсы екпе салынды, деп жалған құжат жасап бергеніН анықтаған. Ал қала емханаларының бірінде қолданылу мерзімі өтіп кеткен «пентаксим» препаратының 135 дозасы табылған. Сондықтан прокуратура екпе жасауға рұқсаты бар облыс орталығындағы барлық медициналық мекемені тексермек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформаға Грекия ғалымдары пікір білдірді
13.03.2026, 17:40
«Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
13.03.2026, 17:39
Жедел жәрдем қызметі ардагеріне құрмет көрсетілді
13.03.2026, 17:38
Мәскеуде қазақ мәдениетінің кеші өтті
13.03.2026, 17:37
Семейде ЮНИСЕФ Жастар хабы ашылды
13.03.2026, 17:35
Иран қалаларындағы шеруге мыңдаған адам қатысты
13.03.2026, 17:33
Пәкістан әуе күштері Кабул мен Қандағарды атқылады
13.03.2026, 17:31
Оқушылардың картасыын кәсіпкерлердің өзі терминалға басып отырған
13.03.2026, 17:29