Екібастұздың жедел жәрдем қызметі мерзімі өтіп кеткен дәрілерді қолданған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұздың жедел жәрдем қызметі мерзімі өтіп кеткен дәрілерді қолданған

20.09.2018

Бұл жөнінде осы шаһардағы аталған мекеменің бас медбикесі әлеуметтік желіде хабарлады. Тіпті, сондай дәрілердің бірін медициналық қобдишадан тауып алғанын айтты. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Екібастұз қаласының Ішкі істер бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бүгін БАҚ өкілдерін жинап бұл деректердің шындыққа жанаспайтынын жариялады. Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының жедел жәрдем қызметі республикадағы дәрі-дәрмек және басқа да жабдықтармен 100 пайыз қамтылған  станциялар қатарында. 

Ораз Мұқашев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- «Этамзилат» дәрісінің сериясы, жасалған мерзімі Екібастұздың жедел медициналық станциясы реестрінде тіркелмеген. Соған қарамастан, біз прокуратура арқылы жан-жақты тексеру жүргіземіз. Екібастұз өңірінде ғана емес, аймақтағы барлық жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелері мен орталықтарында.

 

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу