Былтыр 21 мың тоннадан астам уран өндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Былтыр 21 мың тоннадан астам уран өндірілді

05.02.2024

Қазақстанда былтыр 21 мың тоннадан астам уран өндірілсе, соның 18 мың тоннадан астамы сатылған. Президенттің қабылдауында болған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов осылай деп есеп берді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар, өндіріс орындары орналасқан өңірлерді дамытуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жұмыстар туралы мәлімет берілді.

Мейіржан Юсупов, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:

Транскаспий халықаралық теңіз жүк тасымалдау дәлізі арқылы уран өнімдерін тасымалдау артқандығын айттым. Одан басқа мемлекет басшысының қазатомөнеркәсіп миниралды шикізат базасын ұлғайту жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстарды және де алдымызға қойған жсопарлар туралы мәлімет бердім. Мемлекет басшысы қазатомөнеркәсіпітің жұмысына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу