Биыл 22 мың тоннадан астам уран өндіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 22 мың тоннадан астам уран өндіріледі

07.03.2019

Уран өндіру бойынша еліміздің ұлттық компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» 2020 жылға дейін өндіріс көлемін 20 пайызға төмендетуді жоспарлап отыр. Дегенмен, оған қарамастан компания былтыр кен өндіру және сату бойынша әлемде бірінші орынға шыққан. Биыл өндіріс көлемін 6-7 пайызға төмендету жоспарланып отыр. Яғни, 2019 жылы 22 мың тоннадан астам уран өндірілмек. Бұл -  нарықтағы жағдайға байланысты қолданылып жатқан шаралар. Мәселен, биыл бағалы кеннің 13,5-14,5 мың тоннасы сатылады деп болжануда.

«Қазатомөнеркәсіптің» қаржылық жағдайы да жаман емес көрінеді. Қазан айында құнды қағаздарының төрттен бірін Лондон мен Астана биржаларына шығарған компанияның былтырғы жалпы табысы 437 млрд теңгені құраған.

Ғалымжан Пірматов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы:

- 2018 жылдың қорытындысы бойынша операциялық кіріс 77,5 млрд теңгені құрап, негізінен уран сатылымының көбеюіне байланысты 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Есепті кезең ішіндегі таза пайда 380 млрд теңгені құрады.

Хабарламаларға жазылу