Қытайда мыңдаған тонна уран қоры табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда мыңдаған тонна уран қоры табылды

30.10.2023

Қытайда уранның мол қоры табылды. Оның көлемі – 10 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін. Мұны осы елдің «CCTV» телеарнасы хабарлады.

Айта кетсек, табиғи уран - электр қуатын өндіруге аса маңызды энергетикалық материал. Қытай бұл шикізатты қауіпсіз, экологияға зиянсыз, таза ядролық отын өндіруге пайдаланбақ.

Әлемдік ядролық қауымдастықтың дерегінше, Қытай уран өндіруден сегізінші орында тұр. Ал алғашқы үштікке сәйкесінше Қазақстан, Канада, Намибия кіреді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу