Шымкентте сейсмологиялық тексеріске бөлінген 250 млн теңгені жымқырған
Шымкентте тұрғын үй басқармасының басшысы ұсталды. Оған көпқабатты тұрғын үйлердің сейсмологиялық жағдайын тексеруге бөлінген қаржыны жымқырды деген айып тағылып отыр. Прокурорлық тексеріс барысында салада мемлекеттік сатып алу талаптарының өрескел бұзылғаны анықталған. Басқарма қызметкерлері 250 миллион теңгені мүдделес серіктестіктерге бір көзден берген. Тапсырыс бойынша бұл қаржыға шаһардағы 200-ге тарта көпқабатты үйдің зілзалаға шыдамдылығы тексерілуі керек болған. Алайда бұл қағаз жүзінде ғана орындалып, баспаналар сынақтан өткізілмеген болып шықты.
Ержан Марат, қала прокурорының орынбасары:
Бізде мекемелер қайта тексеру жүргізіп, өткен жылғы жұмыстардың бәрі формально екені анықталды. Ол бойынша басқарма басшысынан басқа жеңімпаз болған, өзімен сыбайлас ЖШС-тердің басшылары да жауапқа тартылады.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14