Өзбекстанда жемқорлықтан келген шығын 120 млн доллардан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда жемқорлықтан келген шығын 120 млн доллардан асты

05.02.2024

Өзбекстанда сыбайлас жемқорлықтан келген шығын көлемі 120 млн доллардан асты. Бұл жөнінде Бас прокуратура мәлімет таратты. Өткен жылы жемқорлықпен байланысты қылмыс саны 15%-ға өсіп, 3 412 қылмыстық іс қозғалған. Жауапқа тартылған лауазымды тұлғалар саны да артып отыр. Сотталғандардың арасында министрліктер мен республикалық деңгейдегі ведомстволарда қызмет еткен 49, облыстық дәрежедегі 267 шенеунік бар. Кең тараған қылмыс түрлеріне мүлікті жымқыру, алаяқтық пен лауазымын асыра пайдалану жатады. Мемлекетке келген шығын 1,5 трлн сум немесе 120 млн доллардан асты. Қазынаға қайтарылған қаржы 1 трлн 31 млрд сумға жеткен. Бұл – жалпы шығынның 85 пайызына жуықтайды.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу