Мұнай қымбаттап келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай қымбаттап келеді

07.06.2022

Мұнай қымбаттап келеді. Қара алтын құны Сауд Арабиясының бағаны Азия елдері үшін көтеру туралы шешімінен соң, шарықтай түсті. Қазір бренттің баррелі 120 доллардан асты. Ал WTI 119 доллардан сатылып жатыр. Негізі Опек ұйымына мүше елдер қара алтын өндірісін азайтуға келіскен еді. Алайда Сауд Арабиясы экспортты арттырып, бағаны қымбаттатып отыр. Оның үстіне мұнайға сұраныс артуы мүмкін деген жаңалықтар да құнның көтерілуіне әсер етіп жатыр. Сарапшылар баға жақында 130 долларға жетуі мүмкін дейді.  

Хабарламаларға жазылу