«Қазақфильмдегі» өрт: 49 млн теңге шығын келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақфильмдегі» өрт: 49 млн теңге шығын келген

18.08.2020

«Қазақфильмдегі» өртке байланысты ішкі тергеу əлі де жүріп жатыр. Алғашқы тергеу нəтижелері бойынша өрт қойманың ашық аумағында басталған. Шамамен 20 минуттан кейін «Қазақ хандығы» тарихи фильмі үшін жасалған «Шайбан шахтың ішкі ауласынан» өрт шыққан. Киностудияның əкімшілігі декорациялар жəне қоймаға қасақана от қойылған деп болжап отыр. Аулада жарық пен бейнекамералардың болмауы тергеу жұмыстарына қиындық туғызған. Қазір қалалық полиция департаменті жақын маңдағы үйлердің тұрғындарынан жауап алуда. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу