Сапалы өнім стандартын қалыптастыру керек - Мамандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапалы өнім стандартын қалыптастыру керек - Мамандар

24.12.2018

Экологиялық таза өнім алу үшін алдымен оның стандартын қалыптастыру керек. Бізде өндіру технологиясы, таңбалау ісі әлі жүйелі іске асырылмаған. Бірақ, қол қусырып қарап отырмай, сапалы азық-түлік тұтыну жолында мамандар ізденіп жатыр. Мәселен, соя мен жүгері, картоп пен қызанақтың жаңа сортын шығарған. Жалпы, селекциялық жұмыстарға ерекше көңіл аударылуда. Сондай-ақ, көкөніс пен жеміс-жидектерді төрт мезгіл бойы жылыжайларда өсіру көзделген. Себебі, өнімділігі жоғары. 1 гектарынан мың тоннадай жинап алуға болады. «Алайда, ғалымдар мен билік өкілдері бір арнада бірлесіп жұмыс істемесе бәрі бекер», - дейді AgroLab алаңына жиналғандар. «Аграрлық ғылым. Болашақ бүгіннен басталады» атты пікірталас алаңында осындай ой айтылды.

Біржан Рахымжанов, Қазақ жеміс-көкөніс ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары:

- Заңда кемшілік бар. Ол қарастырылып жатқан болуы тиіс. Мысалы, минералды тыңайтқыштарға мемлекеттен жәрдем беріледі де, органикалық тыңайтқыштарға берілмейді. Ал, егер Еуропа мемлекеттерінде аса үлкен органикалық өсімдікке сұранысқа ие Германияны алсақ, ол жерде органикалық егіншілікке алғашқы үш жылда 2250-350 еуродан көмек беріледі. Сондықтан, осындай тетіктерді қарастыруымыз керек.  

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу