Елордада республикалық жас педагогтер форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада республикалық жас педагогтер форумы басталды

16.08.2022

Елордада «Жас ұстаз - табысқа апарар жол» деген атаумен республикалық жас педагогтер форумы басталды. Шара жас мұғалімдерді жан-жақты кәсіби дамытуға бағытталған. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, SAMR технологиясы, инсайт зертханаларында жұмыс істеу мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану тетіктері қарастырылады. Сондай-ақ, эмоционалды интеллект тақырыбындағы тренингтер жоспарланған. Шара екі күнге созылып, оған жүзден астам мұғалім қатысады.

Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы:

Бұл тәжірибемен бөлісетін алаң, қиналған сауалына жауап іздейтін алаң, сонымен қатар шетелдік эксперттерді де шақырамыз. Себебі біз жан-жақты болуымыз керек. Жоғары сыныптың оқушыларын шығарып тұрамыз. Осыған қандай көмектерің бар деген сияқты.


Хабарламаларға жазылу