Алматыда қардың қалыңдығы 10 см-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қардың қалыңдығы 10 см-ге жетті

02.02.2024

Алматыда түнде басталған қар әлі жауып тұр. Қазір қаладағы қардың қалыңдығы 10 сантиметрге жеткен. Коммуналдық қызмет қаланы ақ ұлпадан тазартып үлгермей жатыр. Мегаполистегі дәл қазіргі жағдайды алматылық тілшіміз Қуан Нұрақын тікелей эфирде баяндайды.

Қуан Нұрақын, тілші:

Алматыда кеше басталған қар әлі жауып тұр. Таңғы сағат 8:00-дегі жағдай бойынша қардың қалыңдығы 10 см-ге жеткен. Таңнан бері қала көшелерінде кептеліс болып, көлік қозғалысы қиындады. Коммуналдық қызметкерлер қаланың негізгі көшелерін қардан тазартып жатыр.


Қуан Нұрақын



Хабарламаларға жазылу