Алаяқтар желіде әскердегі сарбаздардың атынан туыстарынан ақша сұрай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқтар желіде әскердегі сарбаздардың атынан туыстарынан ақша сұрай бастады

01.02.2024

Алаяқтар әскерге де жетті. Олар Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың атынан әлеуметтік желіде парақша ашып, туған-туысқандарынан ақша сұрай бастаған. Көбінесе телефон бірлігін толтырып беруді өтінетін көрінеді. Алаяқтықтың тағы бір түрі, әділет органы немесе сот орындаушысының атынан қоңырау шалады. Олар тұрғындарды банк шоттарын бұғаттау, жүргізуші куәлігін жарамсыз етіп тастау сияқты түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешегін өтеуді талап етеді. Әділет министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады. Мемлекеттік орган тек ресми дерек көздерден алынған мәліметтерге сенуді және дербес деректерді үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, кешеден бері Астана қаласының полиция департаменті СМС хабарлама арқылы алаяқтардан қорғанудың амалдарын хабарлап жатыр.


Хабарламаларға жазылу