Сақ болыңыз!: «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры атынан алаяқтардың қоңырау шалуы жиілеген
Алаяқтар жаңа әдіс қолдана бастады. Соңғы уақытта тұрғындарға «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры атынан алаяқтардың қоңырау шалуы жиілеген. Олар өздерін қор өкілдері ретінде таныстырып, тұрғындарға аталған қор атынан материалдық төлемге ие бола алатынын айтады. Сондай-ақ қолдау көмегін алу үшін алаяқтар абоненттерден «1414» қысқа нөмірінен жіберген кодты жазуды, содан кейін «Қазпошта» арқылы ақша алуды ұсынады. Осы орайда қор қазақстандықтарды сақ болуға, «1414» нөмірінен алынған құпия код пен өзіңіз жайлы жеке мәліметтерді үшінші тұлғамен бөліспеуге шақырады.
Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары:
Біз "Қазақстан халқына" қоры ешқандай төлемақыны ешкімге беріп жатқан жоқпыз. Әр азамат өзінің өтінімін портал арқылы тіркеп, жеке кабинетін ашып, сол жерге құжаттарын тіркеп өтінімдерін жібереді. Сіз ол СМС-код келді деп нөмерін айтсаңыз, несиені мойындарыңызға жүктеуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тарихи құнды жәдігер табылды
11.06.2026, 10:25
Халықаралық «New Vision Forum 2026» форумы басталды
11.06.2026, 10:22
Сақтандыру мәртебесі жоқ азаматтар да онкоскринингтен тегін өтеді
11.06.2026, 10:20
Жыл басынан бері 475 адамды кене шаққан
11.06.2026, 10:18
Албания астанасы Тиранада мыңдаған адам шеруге шықты
11.06.2026, 10:17
Пәкістан әуе күштерінің шабуылынан 13 адам қаза тапты
11.06.2026, 10:15
АҚШ пен Иран әскерлері бір-біріне шабуыл жасады
11.06.2026, 10:14
Астанада халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі басталды
11.06.2026, 10:11