Шығыс Қазақстандағы мектепте заңсыз жұмыс істеген мамандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы мектепте заңсыз жұмыс істеген мамандар анықталды

01.02.2024

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы орта мектептердің бірінде бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған және психиатриялық диспансерде есепте тұрған адамдар жұмыс істегені анықталды. Еңбек кодексіне қатысты заң бұзушылық прокурорлар тексерісі кезінде әшкере болды. Қылмыстық іске тартылған 2 адам мектепте күзетші болса, ал арнайы диспансердің есебіндегі адам мектепте көмекші болып қызмет атқарған.

 Айдос Тұрсынов, Самар Ауданының прокуроры:

Прокуратураның қадағалау шаралары бойынша білім беру ұйымдарында жұмысына жол бермейтін тұлғалармен қатысты еңбек шарттары бұзылды. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершікке тартылды. Заңнамада көрсеткен педагогтың кәсіби қызмсетіне рұқсат берген үшін мектеп басшысы 25 айлық көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл төледі.


Хабарламаларға жазылу