Еліміздің барлық өңірінде «Ізгілік аптасы» акциясы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің барлық өңірінде «Ізгілік аптасы» акциясы өтіп жатыр

31.01.2024

Еліміздің барлық өңірінде «Ізгілік аптасы» өтіп жатыр. Осы айда волонтерлер республика көлемінде 50-ден астам шара өткізіп, 1000-ға жуық адамды қамтыған. Жамбылдық жастар да акцияға атсалысты. Еріктілер жалғызбасты қариялар мен ардагерлерге көмек көрсетіп, аулаларын қардан тазартты. «Жастар Рухы» Жастар қанатының волонтерлері «Кел, шай ішейік» акциясын да ұйымдастырды. Коммуналдық сала қызметкерлеріне ыстық шай мен тәтті тоқаш таратты. Белсенділер облыс бойынша 20 іс-шара өткізген. Ал қала бойынша онға жуық қартқа көмек қолын созды.

Назира Қойбақова, ардагер:

Осы ел жұрттың арқасында, үш ұлым қайтыс болғанан кейін қатты ауырып, екі рет жүрегіме ота жасап, өмір сүргімде келмей кетіп еді. Қарақтарым сендер мені өмірге оралттыңдар қайтадан. Еліміздің келешек ұрпақтары осындай ақылды, мейірімді болғанына өте қуанамын.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу