Жүкті әйелдер преэклапсияға тексеріс-скринингтен өтуге міндеттелетін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүкті әйелдер преэклапсияға тексеріс-скринингтен өтуге міндеттелетін болады

18.10.2019

Қазақстанда аяғы ауыр әйелдер жүктілігінің 11 аптасы кезінде преэклапсияға тексеріс-скринингтен өтуге міндеттелетін болады. Өйткені жаңа туған бала мен ана өлімінің негізгі себептерінің бірі осы дерт болып отыр. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева айтты. Атап айтсақ, осы ауруға шалдыққандардың көбінде қан қысымы көтеріліп, бас миы қабынып, адам комаға кетеді екен. Кейін олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмайды. Жалпы әлемде преэлапсияны емдеудің жолы жоқ. Алайда генетикалық скрининг жасау арқылы оның алдын алуға болады. Әзірге бұл жоспар пилоттық жоба негізінде елдің бірнеше өңірінде жүзеге асырылып жатыр. Жақсы нәтижесін де көрсеткен. Айта кетейік, былтыр елімізде 3852 жүкті әйел осы ауруға шалдыққан.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу