21 маусымда рок-әнші Виктор Цой дүниеге келген (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

21 маусымда рок-әнші Виктор Цой дүниеге келген (ФОТО)

21.06.2016
21 маусымда рок-әнші Виктор Цой дүниеге келген (ФОТО)

Рок-музыкант, әнші, сазгер, «Кино» тобының жетекшісі Виктор Цой 1962 жылы 21 маусымда Ленинградтың Мәскеу ауданында туған. Анасы Валентина Цой денешынықтыру пәнінің мұғалімі, әкесі Роберт Цой инженер болған.

Виктор Цой

1981 жылы Виктор Цой, Алексей Рыбин және Олег Валинский «Гарин және Гиперболоиды» тобын құрды. Бұл топ сол жылы күзде Ленинград рок-тобының мүшелігіне кірді. Валинский әскер қатарына кеткеннен кейін топ өзінің атын «Кино» деп өзгерткен.

В. Цой «Игла», «Конец каникул», «Асса», «Рок» фильмдеріне түскен. 1990 жылдың 24 маусымында Мәскеуде «Кино» тобының ең соңғы концерті өтті.

Виктор Цой

1990 жылдың 15 тамызында Виктор Цой көлік апатынан қайтыс болды. 19 тамызда ол Богослов зиратына жерленді.

В. Цой көптеген әндердің авторы. Оның «Дети минут» әні 2010 жылы Вячеслав Бутусовтың көмегімен «Игла Remix» киносында орындалған.

Виктор ЦойВиктор ЦойВиктор Цой

 

Хабарламаларға жазылу