Жеңіс Сейдоллаұлы: Рок-н-ролл – бостандық әні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіс Сейдоллаұлы: Рок-н-ролл – бостандық әні (ВИДЕО)

01.07.2017

Рок-н-ролл – бұл революция. Ол тарихты өзгертті, биліктегілерге әлемнің жаңарғанын дәлелдеп, ата-аналарға өз балаларына ақыл айтуға жарамай қалғанын мойындатты. Адамның өзіне деген көзқарасын өзгертті. Әнші Жеңіс Сейдоллаұлы бағдарлама қонағы болып, рок-н-ролл туралы өз ойымен бөлісті.

«Мен рок-н-ролмен бірінші рет 14 жасымда таныстым. Сыныптастарым Дәуіт, Маратпен транзисторден рок-н-ролл тыңдайтынбыз. Өзім Байқоңырдан боламын. Сондықтан ол жаққа Ресейден ертерек жететін кез келген жаңалық. Орыс балаларымен араласып жүріп, рок-н-ролл не екенін білдік.

Рок-н-ролл – бостандық әні, азаттыққа деген ұмтылыс», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу