Ұлыбританияда «Brit Awards» жүлдегерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда «Brit Awards» жүлдегерлері марапатталды

01.03.2015
Ұлыбританияда «Brit Awards» жүлдегерлері марапатталды

Ұлыбританиялық әнші Эд Ширан «Brit Awards» байқауының 4 аталымы бойынша сынға түсіп, оның тек екеуінде ғана жеңімпаз атанды. Ол «Үздік әнші» және «Жылдың үздік альбом» аталымдарында жеңіске жетті.

«Грэмми» сыйлығында төрт аталым бойынша үздік атанған Сэм Смит «Brit Award» байқауында «Жыл жаңалығы» сыйлығын иеленді.

Қыздар арасында Палому Фейт Ұлыбританияның «Үздік әншісі» атанса, «Royal Blood» рок-дуэті «Үздік топ» деп танылды.

Кештің ең есте қалатын оқиғасы байқаудың соңында болды. Әйгілі әнші Мадонна атақты «Living For Love» әнін айтып тұрғанда сахнада құлап қалды. Алайда көрермендердің көбі бұл әдейі істелген амал, шоудың бір элементі деген ойда қалды.   

 

Фото: euronews

Хабарламаларға жазылу