Ақмола облысында экс-полицей шетелден әкелінген 55 көлікті заңсыз тіркеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында экс-полицей шетелден әкелінген 55 көлікті заңсыз тіркеген

30.01.2024

Ақмола облысында экс-полицей бәзбіреулермен бірлесіп, шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеуге қойып келген. Қылмыстық топ екі жыл қатарынан мемлекеттік тіркеу алымын төлегені туралы жалған құжаттарды пайдаланып, елу бес темір тұлпарға мемлекеттік нөмір таққан. Келтірілген шығын 400 миллион теңгеден асады. Тергеп -тексеру амалдары басталды.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу