«Майқайыңалтын»-дағы апат: Автобустың дөңгелегі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Майқайыңалтын»-дағы апат: Автобустың дөңгелегі табылды

29.01.2024

«Майқайыңалтын» кен байыту комбинаты аумағындағы қазу жұмыстары кезінде бүгін автобустың дөңгелегі табылды.

Жалпы, іздестіру жұмыстары басталғалы 25 тәулік өтті. Нәтиже жоқ. Қазір экскаваторға жол ашу үшін гидравликалық балғамен кесек тастар ұсатылуда. Күн еңкейе іздеу жұмыстары тоқтатылды. Ертең таң ата қайта жалғасады. Апат болған аумақта 50-ге тарта арнайы техника мен 140 адам жұмыс істеп жатыр.

Хабарламаларға жазылу